Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2018 жылғы 12 желтоқсанда Шымкент қаласының «Психикалық денсаулық орталығында» Дүниежүжілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, «Өз мәртебеңді біл» ұранымен ашық есік күні өткізілді.

Кездесубарысында АИТВ-инфекциясы туралы ұғым, аурудың таралуы, берілу жолдары, алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар қауіпсіз мінез құлық, психоәлеуметтік көмектің қол жетімділігі, тегін берілетін қорғаныш заттар (бір реттік шприцтер, мүшеқаптар), жедел-тесттер туралы мәліметтер берілді. Іс шара барысында АИТВ-инфекциясының профилактикасы, сенім бекеттері мен үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді. АИТВ/ЖИТС туралы ақпарттық брошюралар таратылды.

Іс шара психикалық денсаулық орталығы мен ЖИТС орталығының дәрігерлері және Колумбиялық университет жанындағы Орта Азиядағы ғаламдық денсаулықты зерттеу орталығының «БРИДЖ» жобасы өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Іс шарамен 200 адам қамтылды.