2018 жылғы 8 желтоқсанда «Ай-ана» қоғамдық бірлестігінің сенім пунктінде (Шымкент қ) Дүниежүжілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, «Өз мәртебеңді біл» ұранымен ашық есік күні өткізілді.
Инъекцилық есірткі тұтынушылармен және аутрич-қызметкерлермен кездесу барысында АИТВ-инфекциясы туралы ұғым, аурудың таралуы, берілу жолдары, алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар қауіпсіз мінез құлық, психоәлеуметтік көмектің қол жетімділігі, тегін берілетін қорғаныш заттар (бір реттік шприцтер, мүшеқаптар), жедел-тесттер туралы мәліметтер берілді. Іс шара барысында АИТВ-инфекциясының профилактикасы, сенім бекеттері мен үкіметтік емес ұйымдар қызметі туралы бейнероликтер көрсетілді. АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық брошюралар таратылды.
Іс шара ЖИТС орталығының, Колумбиялық университет жанындағы Орта Азиядағы ғаламдық денсаулықты зерттеу орталығының «БРИДЖ» жобасы өкілдерінің және «Ай-ана» ҚБ қатысуымен өткізілді. Іс шарамен 29 адам қамтылды.