Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

             Қазақстан өркениетті елдер секілді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңын қабылдады. Тұтастай алғанда, құжат азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқығын іске асыру мақсатында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуді қарастырады.

         Медициналық сақтандыру дегеніміз не? Ол-денсаулық сақтаудағы  халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың  түрі, медициналық көмек қажет болғанда сақтандырылатын жағдай бойынша  науқасқа жинаған қаржы кепілдік болады. Негізінде медициналық сақтандырудың екі түрі  бар. Бұл міндетті медициналық сақтандыру және ерікті медициналық сақтандыру.

         Міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты-міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілдендірілген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету. Медициналық міндетті сақтандыру елімізде тамырын жайса, біздің еш ұтылмайтынымыз айқын деген пікірді ұстанушылар көп. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, көптеген дамыған елдерде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі оңтайлы жолға қойылған. Бүл елдерде медицина жоғары деңгейде дамыған, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы 80-85 жас.

          Әрине, міндетті медициналық сақтандырудың арқасында біз медицина саласындағы кемшіліктерден арыламыз деп айту қиын. Дегенмен бұл жүйе әлеуеттің әл-ауқатын біршама жоғарлатудың  бірден-бір жолы. Жалпы алғанда, медициналық сақтандырудың дамуы қазіргі кездегі денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктерді азайтып, осы саладағы жұмысты біршама жүйелеуге жол ашады.

 

 

 

 

                                                    ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Ұ.С.Байділдаева