Шымкент қаласы ЖИТС–тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталықтың дәрігер эпидемиологі У.С. Байдилдаева қалалық психикалық денсаулық орталығының мамандарымен бірлесіп, М. Жұмабаев атындағы № 39 мектепте семинар өткізді.
Семинар барысында Республикалық және облыс, қала көлеміндегі эпидемиологиялық жағдай бойынша түсінік берілді. АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.
Семинар өткізудің мақсаты АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты, қауіпсіз тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Мақаланың авторы: Байдилдаева У.С., дәрігер эпидемиолог