Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдың 10 сәуірінде Шымкент қаласының Абай аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығында» және 12 сәуірінде «Орталық Қырғы базарында» Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған науқан өтті. «Сау болу- сәнді!» ұранымен өткізілген науқан барысында әр тұрғынды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру, адам ағзасына қауіпті емес немесе сапалы да құнарлы тағамдарды қолдануды насихаттау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық күнін аталып өтілді. Қалалық «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталық» қызметкерлеріның ұйымдастыруымен тұрғындар АИТВ-инфекциясына жедел тест арқылы қан тапсырып, қан қысымын өлшетіп, антропометриялық өлшемдерді жүргізу (бойы, салмағы), ДСИ (дене салмағы индексі), қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтау мүмкіндігі болды, сондай-ақ тамақтануды, салауатты өмір салтын ұстану және жарақаттың барлық түрлерін алдын алу бойынша ұсыныстар беріліп, сауалнама жүргізілді. Жалпы іс шараға 500-ден астам адам қатысып, 278 тұрғын дәрігерлік кеңестер алды. Шараның ұйымдастырушысы - Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.

 ВИДЕО