Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2019 жылдың 16 сәуірінде Шымкент қаласының «Орталық саябағында»  Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған науқан өтті. «Сау болу- сәнді!» ұранымен өткізілген науқан барысында әр тұрғынды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру, адам ағзасына қауіпті емес немесе сапалы да құнарлы тағамдарды қолдануды насихаттау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық күні аталып өтілді. Студент жастар науқанға арнайы флешмоб ұйымдастырды.Науқан  аясында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері медициналық қалашықта тұрғындарды АИТВ-жұқпасына экспресс-тест арқылы тексеріп тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Шараның ұйымдастырушысы - Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

 

 ВИДЕОСЫ