Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

19.04.2019      «БРИДЖ» зерттеу жобасы серіктестерінің отырысы

 

2019 жылғы 19 сәуірде Шымкент қалалық ЖИТС орталығының мәжіліс залында Колумбия университеті жанындағы «Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы» корпорациясы филиалының (бұдан әрі – ОАЖДЗО) қызметі, «Қазақстандағы АИТВ-инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша қызметтерге халықтың осал топтарының қол жетімділігін жақсарту» зерттеу жобасы ("БРИДЖ" жобасы)  мен ЮНИ жобасының аралық нәтижелері, сондай-ақ әріптестердің өзара іс-қимыл жолдары, инемен есірткі тұтынушы тұлғаларды медициналық және әлеуметтік қызметтерге қайта бағыттау жүйесін жолға қою мәселелері талқыланды.

Отырысқа қатысқандар:

  • Тимати Хант – ОАЖДЗО директорының орынбасары, әлеуметтік интервенциялар тобы, Колумбия университеті жанындағы Әлеуметтік жұмыс мектебі (Нью-Йорк, АҚШ)
  • Әсел Терлікбаева – ОАЖДЗО корпорациясы филиалының бас менеджері
  • Меруерт Даришева – «БРИДЖ» жобасының директоры;
  • Азамат Кускулов – «БРИДЖ» жобасының аймақтық үйлестірушісі,
  • Карина Алипова – «ЮНИ» жобасының аймақтық үйлестірушісі
  • сондай-ақ, Шымкент қалалық полиция департаментінің, № 1 Қалалық клиникалық аурухананың, №7 қалалық емхананың, «Чапаевка» емханасының, психикалық денсаулық орталығының, туберкулезге қарсы диспансердің, «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының өкілдері қатысты.

«БРИДЖ» зерттеу жобасының мақсаты инъекциялық есірткі тұтынатын тұлғаларды (ИЕТ) АИТВ-инфекциясының алдын алу, тестілеу және емдеу бойынша қызметтермен қамтуды арттыру болып табылады. БРИДЖ сенім пункттерінің рөлін кеңейтеді, оларды алдын алу бағдарламалары мен ЖИТС орталығы арасында негізгі буын ете отырып, АИТВ-инфекциясының диагностикасы, диспансерлік бақылау және емдеу жөніндегі қызметтердің сабақтастығын қамтамасыз етеді.