24.04.2019 ж. Шымкент көлік колледжінің студенттерімен
«Бақытты болашағың – өз қолыңда» атты кездесу өтті.
2019 жылы 24 сәуір күні Психикалық денсаулық орталығы мен ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары Шымкент көлік колледжінің студенттеріне АИТВ/ЖИТС, нашақорлық туралы ақпаратты бере отырып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Шымкент қалалық полиция департаменті, Еңбекші аудандық полиция басқармасы полиция капитаны Б.Б Тұрғын, сондай-ақ психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-наркологы Р.А Баймурунова, ЖИТС-тің алдын алу және және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы Н.Жүргенбаева қатысып баяндама жасады.
Кездесу барысында оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап беріп, АИТВ/ЖИТС, нашақорлық туралы шынайы ақпарат ала отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына үйренді.
Мақала авторы; Н.Жургенбаева