2019 жылғы 8 қараша күні Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетте Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» мамандары Медетова А.Ж. мен Б.Тойшыбековтың ұйымдастыруымен «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» тақырыбында науқан мен дәріс өткізілді.
Көрсетілген іс-шаралар студенттерге АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат беріліп, қауіпсіз мінез-құлық дағдысына және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуді үйретті. Науқанның өтуі барысында АИТВ-инфекциясына тегін және анонимді түрде экспресс тестілеуден өтіп, нәтижелерін алды. Оларға тестке дейінгі және тесттен кейінгі психоәлеуметтік кеңес берілді
Іс-шараға 150 адам қатысты.