2019 жылдың 14 қараша күні Шымкент қаласы №4 қалалық емхана қызметкерлерімен бірге халык арасында « Қоғамдастықтың атқаратын рөлі » атты ұранымен АИТВ – инфекциясының алдын-алу бойынша ашық есік күні өткізілді. ЖИТС орталығының мамандары халық арасына АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ашық есік күні іс шарасына 30 адам қатысты, 9-жедел тест алынды.
Ашық есік күні іс шарасына Шымкент қалалық ЖИТС орталығының
дәрігер эпидемиологы – Байділдаева Ұ.С , Рыскулбекова С.Ж жүргізді.