2019 жылдың 14 қараша күні Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Сәлем» әлеуметтік қалашығы және Қалалық ЖИТС орталығының мамандары колледж студенттеріне семинар мен квест ұйымдастырды. Қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы бастан кешті. Мамандар жастарға АИТВ-жұқпасы және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.