11.09.2020 жылы «Рахмет, саған, анашым!» атты мүмкіндігі шектеулі балалар аналарының қоғамдық бірлестігінің мүшелері арасында семинар өтті.
Іс-шараға «Даму» қоғамдық бірлестігінің шақыруымен ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық маманы қатысып, «АИТВ-инфекциясы туралы негізгі түсінік қалыптастыру және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін азаматтарды таңбалау мен кемсітуді болдырмау» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап беріп, ақпараттық танымдық материалдар таратты.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.