17.11.2020 жылы Шымкент қаласының «Жастар денсаулық орталығында» « Ашық есік күні» өткізілді.
Шымкент қаласының Жастар денсаулық орталығында «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарының қатысуымен 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында «Ашық есік күні» өткізілді.Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай барлық қауіпсіздік (әлеуметтік қашықтық, бетперде, санитайзер, залалсыздандыру құралдары) шаралары сақтала отырып өткізілді.Науқан өткізу барысында 18-22 жас аралығындағы жастар қамтылды. Дәрігер эпидемиолог У.Байдилдаева АИТВ-инфекциясының алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәрігер эпидемиолог Н.Жапарова АИТВ-инфекциясының алдын-алу мақсатында ақпараттық, танымдық материалдар таратты. Психолог маман Д.Кутмамбетова жастарға жедел тестке дейін және тесттен кейін психоәлеуметтік кеңес берді.Эпидемиолог көмекшісі С.Рысқұлбекова науқанға қатысқан жастар арасынан ерікті түрде жедел тест алды.
Мақала авторы: профилактикалық бөлімнің дәрігер эпидемиологы У.Байдилдаева