Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің мұғалімі Н.Жургенбаева 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне» орай, «АИТВ/ЖИТС алдын алу» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы «Мирас» колледжінің студенттеріне онлайн дәріс және қызыл лентаның суретін салу марафонын ұйымдастырды. Семинар алдында және семинардан кейін «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында қатысушылардың білімін анықтайтын онлайн сауалнама ru.surveymonkey.com сайты арқылы өткізілді.
Мақала авторы; мұғалім Н.Жургенбаева