Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

03.12.2020 ж Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің студенттерімен кездесу өтті.

 

Халықаралық гуманитарлық техникалық университетінің әлеуметтік мәселелер және тәрбие істері бөлімі студенттерге  "АИТВ/ЖИТС-тің алдын - алу" тақырыбында ұйымдастырған офлайн семинарына  ЖИТС-тің алдын - алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мұғалімі Н.Жургенбаева қатысып, баяндамасын жасады.

Студенттер іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын - алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін және есірткі мен психоактивті заттарды қолданатын жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.

Пандемия кезеңінде COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеуге байланысты, іс-шара барлық санитарлық ережелерге сай өткізілді.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.