Шымкент қаласының Қорғаныс Министірлігінің Әскери техникалық мектебінде «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарының қатысуымен 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында семинар өткізілді.Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай барлық қауіпсіздік (әлеуметтік қашықтық, бетперде, санитайзер, залалсыздандыру құралдары) шаралары сақтала отырып өткізілді. Семинар өткізу барысында 18-22 жас аралығындағы қызметкерлер қамтылды. Дәрігер эпидемиолог А.Ертаев АИТВ-инфекциясының алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Дәрігер эпидемиолог көмекшісі Рыскулбекова С.Ж АИТВ-инфекциясының алдын-алу мақсатында ақпараттық, танымдық материалдар таратты.