Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласының «Фиркан» сауда желісінде  «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандарының қатысуымен 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне» орай «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында науқан өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сай барлық қауіпсіздік (әлеуметтік қашықтық, бетперде, санитайзер, залалсыздандыру құралдары) шаралары сақтала отырып өткізілді. Науқан өткізу барысында сауда желісіне келген адамдар қамтылды. Дәрігер терапевт А.Медетова, дәрігер эпидемиолог көмекшісі Л.Джанабаева АИТВ-инфекциясының алдын-алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. АИТВ-инфекциясының алдын-алу мақсатында ақпараттық, танымдық материалдар таратты.

 Мақала авторы: профилактикалық бөлімнің дәрігер терапевті  А.Медетова