2021 жылдың 21 маусым айында Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында» науқан өтті. «Өз статусынды біл!» ұранымен өткізілген науқанда кітапхана қызметкерлеріне семинар өтті. Іс-шара салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарау мақсатында ұйымдастырылды.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері келушілерді АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді. Іс-шара барысында қатысушылар COVID-19-ға қарсы вакцинацияға қолдау білдірді. Екі компонентті вакцинаны салдыруға қызметкерлерді шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.