Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми кітапханасы және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Нашақорлық ғасыр - дерті» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге Шымкент қалалық Психикалық денсаулық орталығының дәрігері Меруерт Сәлімбайқызы, ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының маманы Жургенбаева Назира, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел өкілі полиция капитаны Қарабеков Бауыржан, және «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы Қалмурзаева Айжарқын қатысты.
Іс-шара мақсаты - қоғамдық қасіреттің алдын ала отырып, көпшілік қауымға есірткінің адам ағзасына зиян келтіретіндігін, ұлттық сананы улайтындығын, дені сау отбасының болмайтындығын түсіндіру. Сонымен қатар одан аулақ болуға және спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және игі қасиеттерді бойына жинап, кітап оқуға шақыру болатын.
Дөңгелек үстел барысында нашақорлық жайында адам жаны түршігерлік бейнебаян ұсынылып, ПДО-ның дәрігері Меруерт Сәлімбайқызы есірткінің зиянды жақтарын айтып, ЖИТС орталығының маманы Жүргенбаева Назира қазіргі таңда осы нашаның кесірінен АИТВ-инфекциясымен ауыратын адам санының артып жатқандығын мәлімдеді. Сондай-ақ «Жастар ресурстық орталығының» инспекторы Айжарқын Абдухалыққызы да осы тақырыпта жастар арасында жүргізіліп жатқан түрлі іс-шаралар жайында айтып өтті. Сөз соңында полиция капитаны Қарабеков Бауыржан Қанатұлы жастар арсында белең алып жатқан жат қылықтардың алдын алып, одан аулақ болуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.