Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Еліміздің денсаулық саласына енгізілген міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің мақсаты мемлекетімізде әр азаматқа медициналық көмекті қолжетімді ету. Атап айтқанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіне кірмейтін қымбат медициналық көмек, жоғары технологиялық оталарды тегін алу мүмкіндігі берілді. МККК – нің жаңа моделі бойынша көптеген науқастарға ота жасалып, сәтті өтуде. Мысалы, Шымкент қаласының тұрғыны (аты жөні көрсетілмейді) әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында көмек алғанын айтады. Бұл азаматша тәбеті қашып, әлсіз сезінгендіктен дәрігерге көрінген. УДЗ нәтижесі бойынша түрлі талдаулар мен тексерулер барысында дәрігерлер бауырында эхинакок құрты пайда болғанын анықтаған. Дәрігерлер бұл жағдайда жедел шаралар қабылдап, ота жасаған. Тексеру, ота жасау, ем шаралар МӘМС шеңберінде тегін жүргізілген. Бұл жағдайда азаматшаға сақтандырылған пациент ретінде медициналық қызмет тегін көрсетілген.

  Мақаланың авторы: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының журналисі