2021 жылдың 06 қазанында сала мамандары «Техникалық колледж» студенттеріне нашақорлықты және АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» және Абай аудандық жергілікті полиция қызметкерлері қатысты. Студенттер АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтарды талқылап, тұжырым жасады.
Мақала авторы:Н.Жургенбаева.