Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

ҚР ДСМ «Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық Қордың қаржылық қолдауымен Шымкент қ. ДСБ «ЖИТС - тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК теңгеріміне Корея Республикасы, Bioneer өндірілген «ДНҚ/РНҚ бөлуге арналған автоматты станция ExiStation ™» ПТР-жабдығы берілді. Жаңа жабдықтың артықшылықтары: ДНҚ/РНҚ бөлу және амплификации кезеңдері бір аппаратта толығымен автоматтандырылған, соның салдарынан инфекциялық қауіпсіздік және анықтаудың жоғары дәлдігі барынша қамтамасыз етіледі, адам фактор әсерінен қателіктері жойылады. Зерттеу нәтижесін алу уақыты - 3 сағат, өндірістік қуаты - бір ауысымда 40 тест. 2021 жылғы 1 қазанда Шымкентте жабдық өндірушінің өкілдері Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстары ЖИТС орталықтарының зертхана мамандарын жаңа ExiStation™ ПТР-жабдықтарында жұмыс істеу бойынша оқыту жүргізді.