2021 жылдың 23 қарашасында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «АИТВ/ЖИТС-тың және нашақорлықтың алдын алу» бойынша түсіндірме жұмыстары өтті. Кездесуге: «ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» маманы Назира Жургенбаева қатысты. Іс-шара барысында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында "Дарынды балаларға арналган 1 мамандандырылған IT лицей-интернаты" оқушылары арасында жүргізілді. Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні аясында «Психикалық денсаулық орталығының» қызметкері оқушыларға кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, нашақорлық, суицидке жол бермеу, адам саудасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жайында айтты. Іс-шарада оқушылар мамандарға көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойып тиісті жауаптарын алды.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.
#УслышатьКаждого
#ӘрбірінТүсіну
#toHearEveryone