Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында кездесу өтті.

Аталған кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.

Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Тулебаева Нуршат, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Нурбаев Ерлан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, Әлем кубогының (Москва каласында өткен) күміс жүлдегері, Чехия елінде Карловый Вары каласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Алжанов Бексултан мен Тастан Үсенбай, Жастар ресурстық орталығының маманы Қалмурзаева Айжарқын және Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжінің студенттері қатысты.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Шара барысында сала мамандары нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды. Сонымен қатар, есірткіден бойды аулақ салудың маңызын, салауатты өмір сүру салтын ұстанудың маңызды екендігін жеткізді.
@murat__aitenov
@shynggys_muqan
@gabit_maulenkulov
@keuenovamoldirtursunbekkyzy
@aqparatqogam
@magzhanissakhov
@z.orynbekov
@talgatsalin
@abdi_nurlan
@jastarlive