Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылы 4 маусымда бекітілді. Бұл күн ел тарихында  жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, мызғымас негіздерінің бірі.  Рәміздер – ұлттық байлығымыз, ел тарихына, мемлекеттік тілге, мәдениет пен салт-дәстүрге деген терең құрметтің қайнар көзі. Отан тағдырындағы ең маңызды сәттерде бізді біріктіретін де –  мемлекеттік рәміздер. Дүние жүзіндегі бізді айқындайтын да Ту мен Елтаңба. Ал ресми халықаралық іс-шараларда Туымыз көтеріліп,  Отанымыздың Әнұраны шырқалғанда әрбір қазақстандық мақтаныш пен патриоттық сезімді сезінетіні айқын.

       Аталмыш мереке қарсаңында  Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК салтанатты жиын өткізді. Жиын барысында орталықтың бас дәрігердің  орынбасарының  міндетін атқарушы Е.Ж.Есиркепов мерекенің ерекшеліктеріне тоқталып,  қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

       Еліміздің бірден-бір нышаны саналатын рәміздерімізді құрметтеп, қастерлей білу – бүгінгі, ертеңгі ұрпақтың парызы.