Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

09.02.2024 ж. Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде дәріс өтті.

Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Маман жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС  жайлы негізгі ақпарат беріп,  оның  жұғу  жолдарын,  алдын-алу   амалдарын түсіндіріп, сол арқылы жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлатуға бас назар аударды.

Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.