Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» ұжымы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Шымкент қаласының ЖИТС орталығының ұжымы әйелдер қауымын айтулы мерекемен құттықтап, бірқатар тілектер мен өлеңдер топтамасын назарларына ұсынды. Аталмыш мереке барысында «AQNIET» «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Шымкент қаласы және Түркістан облысы филиалы дәрігер эпидемиолог У.С. Байділдаеваны, дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасованы, инфекционист дәрігер А.Т. Кожабаеваны, зертханашы Г.К.Мусаеваны, прови́зор Г.А. Шегебаеваны құрмет грамотасымен марапаттады.