Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Республикалық ЖИТС орталығының 13.08.2018ж № 68-п «Пилоттық сайттарда үкіметтік емес ұйымдардың базасында жедел әдіспен тұрғындардың түйінді топтарын тестілеуді апробациялау туралы» бұйрығын іске асыру бойынша 2018 жылғы 14 қыркүйекте облыстық СПИД орталығында, «Ай-ана» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарда АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы, тенденциялары, ЮНЭЙДС ұсынған 90-90-90 стратегиясы талқыланып, тұрғындардың түйінді топтарына психоәлеуметтік кеңес беру және жедел әдіспен тестілеу тәжірибелік сабақтары өткізілді.

Семинарға «Орталық Азиядағы ғаламдық денсаулықты зерттеу орталығы» корпорациясы филиалының, медициналық ұйымдар мен ҮЕҰ сенім пункттерінің қызметкерлері мен  аутрич-қызметкерлер қатысты. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.