Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Түркістан қаласы №15 М. Жұмабаев мектеп гимназиясында  Дүниежүзілік ЖИТС-пен қарсы күрес компаниясына орай, «Өз мәртебеңді біл!» атты тақырыпта ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары лекция өткізді. Лекция барысында АИТВ инфекциясы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары бойынша мәлімет берілді. АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді. Лекция өткізудің мақсаты: АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Мақала авторы: дәрігер эпидемиолог Р.Есиркепов