Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

24.01.2019ж  Шымкент қаласында «Сәлем» әлеуметтік қалашығындағы «ЭкСПИДиция» жобасының  негізінде семинар өтті.

 

Жастар арасында АИТВ/ЖИТС-ті алдын алуына бағытталған шараларын жүзеге асыру жөнінде ортақ жұмыс жүргізу туралы бірлескен меморандум негізінде, жиырма үшінші қаңтар күні «Сәлем» әлеуметтік қалашығындағы «ЭкСПИДиция» жобасының  негізінде Шымкент қаласының  ЖИТС орталығы Индустриалды-техникалық колледжінің студенттеріне семинар ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар  АИТВ-ға  шалдығу  қаупі  төнген  адамның өмірлік  тәжірибесін  «ЭкСПИДиция» көрмсінің  ішімен  15  минутта  интерактивтік серуендеу  арқылы  бастан  кешеді.  Бағдарламаға  үйрету  ойындары мен талқылаулар кіреді. Іс-шараның мақсаты АИТВ жұқтырған немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарды ауруына байланысты таңба басу және қоғамнан алыстатуды алдын алу.

Мақала авторы: профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Н.Жургенбаева