Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы» Шымкент қалалық жасөспірімдер үйінде 26-маусым – Бүкіләлемдік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлықпен бірге күресейік!» атты өнегелік ақпараттық сағатына ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының және «Жастар ресурстық орталығының» мамандарын шақырып, жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тындаушылар іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланып, тұжырым жасалды.
Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.