Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

2021 жылдың 12 қазанында Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығы»-ның ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі студенттеріне «Салауатты өмір салтын ұстану қағидалары мен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өтіп, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге: «ЖИТС – тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» маманы Назира Жургенбаева қатысты. Мақсаты: Жастар мен жасөспірімдер арасында иммундық тапшылық вирусы (АИТВ) және жұқтырылған иммундық тапшылық синдромын (ЖИТС) алдын алу. Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізіледі.

Мақала авторы: Н.Жургенбаева.