Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

Шымкент қаласында «Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

       Елімізде 24-30 маусым аралығында «Репродуктивті денсаулық» апталығы өтуде. Іс шараның мақсаты — азаматтардың репродуктивті денсаулығын қорғап, салауатты өмір салтын насихаттау.

       Репродуктивті денсаулық апталығының ұлт болашағы үшін маңызы зор. Атап айтқанда жасөспірімдер арасында жоспарланбаған жүктілікті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды болдырмау туралы хабарлайды.

        Аталмыш апталық аясында Шымкент қаласының медициналық ұйымдары  Жастар орталығымен бірлесе отырып, жастардың сүйікті демалыс орны – Арбатта  «Ашық есік күні» акциялар  өткізді.  Науқан барысында   Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын  алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     Науқанға келушілерге және жастарға  тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ  инфекциясын  жедел анықтау жүргізді.  Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратты.

      Әрбір науқанға қатысушысы репродуктивті денсаулық туралы мамандардан  сенімді ақпарат алып,  тексеруден өте алды.

      «Репродуктивті денсаулық апталығының» үшінші күні денсаулық сақтау басқармасының белгіленген арнайы кестесі бойынша Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі  орталық «Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу» – тақырыбында  «Ашық есік» күнін өткізді.   

       Іс-шара барысында орталықтың гинеколог,  дерматовенеролог  дәрігерлері келушілерге жыныстық жолмен жұғатын аурулар (әрі қарай ЖЖЖА) және репродуктивтік денсаулық туралы кеңес берді, АИТВ-ға  жедел тест, ЖЖЖА-ға мазок пен қан сынамаларын алды.  Сонымен қатар контактіге дейінгі (әрі қарай КДП) және контактіден кейінгі профилактиканың (әрі қарай ККП) АИТВ инфекциясының алдын алуда орасан зор рөлі жайында түсіндірме жұмысын жүргізіп, КДП ұсынды. Науқастарды жүйелі түрде тексеріліп, уақтылы ем алуға шақырды.  

      Орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н. Маширов Отырар телеарнасында берген сұхбатында: «АИТВ инфекциясының бірі,  қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы  жұғу қаупі жоғары болады. Жыныстық жолмен жұғатын аурулардың салдарынан репродуктивті мүшелердің қызметі әлсіреп, бедеулікке алып келеді. ЖИТС орталығының барлық пациенттерін арнайы  Достастық  кабинетінде жыныстық жолмен жұғатын ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу жүргізіледі. Емдеу ,тексеру құпия түрде тегін орындалады», - деді.  Сөз соңында тәжірбиелі маман халықты ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеуге шақырды.

Автор: Ахмедова Э.С., журналист

 

27.06.24ж. «Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу» – тақырыбында  «Ашық есік» күні өтті

    2024 жылдың  24-29-шы маусым аралығында жүріп жатқан  «Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай Шымкент қаласы ЖИТС орталығы  «Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу» – тақырыбында  «Ашық есік» күнін өткізді.

    Іс-шара барысында орталықтың гинеколог дәрігері келушілерге жыныстық жолмен жұғатын аурулар (әрі қарай ЖЖЖА) және репродуктивтік денсаулық туралы кеңес берді, ЖЖЖА-ға мазок пен қан сынамаларын алды. Сондай-ақ уақтылы тексерілу мен жоспарлы жүктіліктің пайдасын түсіндірді.

    АИТВ жұқтыру қауіпі жоғары топ өкілдерін Достастық кабинетінің  дерматовенеролог маманы қабылдап,  ЖЖЖА-дан қорғану жолдары, кездейсоқ жыныстық қатынастан аулақ болу,  жеке гигиена нормаларын сақтау жайында  кеңес берді. АИТВ-ға  жедел тест жүргізді. Сонымен қатар контактіге дейінгі (КДП) және контактіден кейінгі профилактиканың (ККП) АИТВ инфекциясының алдын алуда орасан зор рөлі жайында түсіндірме жұмысын жүргізіп, КДП ұсынды. Науқастарды жүйелі түрде тексеріліп, уақтылы ем алуға шақырды.    

      Іс шараның мақсаты: халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау, АИТВ алдын алу, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

     Келушілер арасында орта есеппен «Д» есепте тұратын – 8 науқас,  АИТВ жұқтыру қауіпі жоғары топтардан –17 адам тексеріліп, кеңес алды.

Автор: Ахмедова Э.С., ЖИТС орталығының маманы

 

«Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай «Ашық есік күні» акциясы өткізілді

     2024жылдың  25 маусымында  Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, «Арбат»  саябағында Шымкент қаласының  Жастар денсаулық орталығы, Дау-Мед клиникасы,  қалалық № 3,6,7,13 емханалары мен ЖИТС орталығының  мамандары бірлесіп,  24-29-шы маусым аралығында жүріп жатқан  «Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай «Ашық есік күні» науқаны өткізілді.

      Науқанның мақсаты: жастар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына қоғамның назарын аудару және алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

      Іс шара барысында  жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, жыныстық жетілудің ерекшеліктеріне, жыныстық денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға, жыныстық қатынас және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды алдын алу   мәселелеріне көңіл бөлінді.

      Аталмыш науқанда  Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын  алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Науқанға келушілерге және жастарға  тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ  инфекциясын  жедел анықтау мүмкіндігі бар екені  туралы ақпарат беріліп,  сараптама нәтижесін 15- 20 минут ішінде алуға болатыны көрсетілді.  Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратылды.

Мақала авторы: Байкасова А.Т. эпидемиолог дәрігер ЖИТС орталығы

 

 

      1. 06.24ж.Шымкент қаласында медицина қызметкерлер күніне орай салтанатты жиын өтті

         Маусымның 16-сы медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Аталмыш мереке Шымкент қаласында Жастар орталығында аталып өтілді. Мереке барысында қала әкімінің орынбасары Сарсен Құралбек, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков барша дәрігерлерді мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау ісіне қосқан  ерен еңбектері үшін марапаттады.

       Жиын барысында Шымкен қаласы ЖИТС орталығының мамандары  Есиркепов Е. Ж.,  Байдилдаева У.С. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Абишова А.А. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен алғыс хатпен, Байкасова А.Т. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалынан алғыс хатпен марапатталды.

 

04.06.24ж.  ТОО «Асем Медикал» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК – нің эпидемиологиялық бөлімінің  эпидемиолог дәрігері Т.А.Есенбеков ТОО «Асем Медикал» медициналық орталығының қызметкерлеріне «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу» бойынша семинар өткізді.

       Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Автор: Т.А.Есенбеков  эпидемиолог дәрігер

.      Шымкент қаласы ЖИТС орталығында Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтілді.

      Маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымы Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін  атап өтеді.

           Бұл – құрмет пен алғысқа бөленген, ақ халатты абзал жандарға арналған мерекені Шымкент қаласы ЖИТС орталығы да  атап өтті.

       Мерекені ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек алғы сөзбен ашып,  медицина қызметкерлерінің  адам өмірін сақтау мен қолдауда көрсетіп жүрген ерен еңбектерін атап, мереке күнімен  құттықтады.

       Мереке барысында Есиркепов Е. Ж.,  Байдилдаева У.С. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Абишова А.А. алғыс хатпен  «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалынан Байкасова А.Т., ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалы» табыс еткен «Сыйлық сертификатымен» Исабекова Т.С., Ғоппоров З., Құрымбай Б.Б.,  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасынан Бердиева Г.А., Умбетбаева Ж.Ш., Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтан Сметова С. Д. алғыс хатпен   марапатталды.                                                                                                             

      Медицина қызметкерлері, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

      Баршаңызға зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс тілейміз!

 Автор: Ахмедова Э., журналист

12.06.2024ж. «Психикалық денсаулық орталығына» қарасты

  «Ашық есік күні»  акциясы өткізілді

    «Психикалық денсаулық орталығына» қарасты емханасында  26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орайластырылған айлықты өткізу шеңберінде ЖИТС орталығының мамандарымен бірлесе отырып,   «Ашық есік күні» акциясы  өткізілді.

      Науқанның мақсаты: қоғамда ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС нашақорлық мәселелерге қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

     Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Орталыққа келушілерге АИТВ  инфекциясын  анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, өз еркімен тексеруден өткісі келген адамдардан жедел тест әдісімен тексерілді. Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратылды.

Мақала авторы:  Гулиев.А.Қ. эпидемиолог