Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
жаналықтар каз
Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұжымы мейірбикелер күнін атап өтті.
12 мамыр — Халықаралық мейірбикелер күні. Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлемде мейірбике күні аталып өтеді. Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың ұжымы да мейірбикелер күнін атап өтті. Мереке барысында орталықтың бас дәрігері Бекен Сырбек мейірбикелерді төл мерекелерімен құттықтап, Мирзахамдамова Нулуфар Камалқызын Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы атынан алғыс хатпен, Елемесова Гүлнар Мырзабаевнаны, Сайфуллаева Ләззат Абдулаевнаны сый-сияпатпен марапаттады.
Мереке қонағы «AQNIET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптікодағы ҚБ Шымкент қаласы жәнеТүркістан облысы филиалының төрайымы Агниязова Рита Сакеновна ұжымның мейірбикелерін мерекелерімен құттықтап, Сиримбетова Ақмарал Иманалиевнаға «Денсаулық» Республикалық оңалту орталығына тегін жолдама берді, Батырбекова Ләззат Нұрмаханбетовнаны кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен марапаттады. Мереке барысында мейірбикелерге арнап, музыкалық қойылымдар қойылды.
Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке құтты болсын!
🔖Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде «АИТВ-инфекцияны алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.
🏥Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығынан Жургенбаева.Н және колледж медбикесі Әбжаппар.Қ мен колледж психологы Тураева.А білім алушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
📖 Мақсаты: АИТВ-ның таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру. Жастарды зиянды әдеттерден сақтап, салауатты өмір салтын ұстауға, жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
26.04.24ж. «Жасыл аймақ».
Жалғасып жатқан Республикалық экологиялық жалпы қалалық сенбілік акциясына Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК ұжымы да белсенділікпен қатысуда.
Іс-шара барысында орталықтың қызметкерлері қажетті құрал-жабдықтармен: қолғаптар мен әк щеткасымен қамтамасыз етілді. Орталықтың ауласына көшеттер отырғызылды, ағаштардың түптері әктелінді.
25.04.2024 Антына адал ақ халатты - абзал жан
Жоғарғы санатты дәрігер инфекционист Имангалеева Эльвира Қанатқалиқызы 2006 жылдан Шымкент қаласындағы ЖИТС орталығында балалар инфекционисі қызметін атқарып келеді. Дәрігерге АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуінің профилактикасын жүргізу міндеті жүктелген. Балалардың болашағы бей-жәй қалдырмаған дәрігер, бүгінде біліктілігімен АИТВ жұқтырған жүкті аналарды жіті бақылап, емдеудің арқасында сау балалардың дүниеге келуіне ықпал етуде. ЖИТС орталығында есепте тұратын әйелдер арасында жыл сайын 15-30 жүктілік тіркеліп тұрады, ал өсімді нәтижемен жалпы 899 жүктілік тіркелген. АИТВ-жұқтырған әйелдерден туылған 627 баланың 612-сі сау, яғни анадан балаға қауіпті вирус берілмеген. Бұл дегеніміз бүгінде 97,6% балалар дендері сау, бақытты өмір кешуде. Осы балалардың вирус жұқтырмай сау туылуына Э.К. Имангалееваның үлесі мол.
Э.К.Имангалеева 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының педиатрлық факультетін бітіргеннен кейін, «педиатр дәрігері» мамандығы бойынша Петропавл қаласының № 3 қалалық ауруханасында интернатура өтіп, 1984-1986 жылдары аралығында осы ауруханада балалар бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1987-2006 жылдары Шымкент қалалық жұқпалы ауруханасында инфекционист дәрігер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған.
Денсаулық сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін бернеше мақтау қағаздарымен, 2016 жылы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталды. АИТВ-жұқтырған әйелдер сау ұрпаққа қол жеткізген қуаныштарын дәрігермен бөлісіп отырады. Дәрігер жұмысының негізгі нәтижесі – пациенттерінің алғысы.
Бүгінде Э.К.Имангалеева білікті маман, жоғарғы санатты дәрігер. Корпоративтік әдепті ұстанады, жауапкершілік және орындаушылықпен ерекшеленеді, бастамашыл. ДДСҰ ұсынған ЖИТС-пен күресудің межесі – «95-95-95» стратегиясын іске асыруға үлкен үлесін қосып, еңбегін сіңіруде.25,
18.04.2024 ж «Park Health» ЖШС ауруханасы дәрігерлерінің және орта буынды медициналық қызметкерлерінің арасында АИТВ/ЖИТС – мәселесі бойынша білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек.
🏥 Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, «Park Health» ЖШС ауруханасында медициналық қызметкерлеріне семинар, оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
📊 Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
№2 статистикалық форма, код бойынша, дұрыс код қою мәселелері және ҚРДСМ-211/2020 бұйрықа сәйкес 32 клиникалық көрсіткіштерге сүйеніп, АИТВ-инфекциямен ауыратын науқастарды бастапқы сатысында анықтау түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жүкті әйелдердің уақытпен есепке алу АИТВ инфекциясына 2 рет тексеру және олардын жыныстық серіктестерінің АИТВ-инфекциясына тексеру жұмыстарын қарау.
👩🏻🔬 Егу бөлмесі преаналитикалық кезеңінде жіберілетін кемшіліктерді алдын алу және рецепиенттерді АИТВ-инфекциясына мерзіміне сәйкес уақытылы тексеруді қадағалау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
📖 Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова
📢17.04.-18.04.2024 ж. Шымкент қаласы ДСБ «Қалалық қан орталығы» МКҚК қызметкерлеріне Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың» МКҚК эпидемиолог дәрігерлері Ғ.Қ. Сыдықов, Р.К. Даулеткулова әдістемелік көмек көрсетті.
📑Әдістемелік көмек көрсету барысында Шымкент қаласы және Түркістан облысының тұрғындарына қан құю барысында АИТВ-инфекциясынан, «В» және «С» Вирустық гепатиттерінен және т.б. инфекциялардан қауіпсіз болу үшін бірлесе жұмыстарды нақтылап, халыққа сапалы және тиімді қызмет көрсету керектігі талқыланып, қорытынды қабылданды.
✍️Атап айтқанда:
✅Донор қанының үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға тестілеу үшін іріктеу қан мен оның компоненттерін донациялау уақытында жүзеге асыруы
✅Қан тапсырар алдында донор міндетті түрде сауалнамадағы барлық сұрақтарға жауап беруі
✅Ақпараттық парақпен танысуы, дәрігер трансфузиологтың қадағалайтыны, сонымен бірге донорларға сауалнама жүргізуі
✅Тексеріп-қарау үшін жабық аймақтар қамтамасыз етілгені бағаланды.
👩⚕️Мақала авторы дәрігер эпидемиологтар Ғ. Сыдықов, Р. Даулеткулова.
17.04.2024 ж. Қазығұрт медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, Қазығұрт медициналық орталығының медициналық қызметкерлердің арасында семинар өткізілді.
🏥Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде баяндама жасап, АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», кемсіту, қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
👩⚕️Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасов