Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

04.06.24ж.  ТОО «Асем Медикал» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК – нің эпидемиологиялық бөлімінің  эпидемиолог дәрігері Т.А.Есенбеков ТОО «Асем Медикал» медициналық орталығының қызметкерлеріне «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу» бойынша семинар өткізді.

       Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

Автор: Т.А.Есенбеков  эпидемиолог дәрігер

.      Шымкент қаласы ЖИТС орталығында Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтілді.

      Маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымы Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін  атап өтеді.

           Бұл – құрмет пен алғысқа бөленген, ақ халатты абзал жандарға арналған мерекені Шымкент қаласы ЖИТС орталығы да  атап өтті.

       Мерекені ЖИТС орталығының бас дәрігері Б. Сырбек алғы сөзбен ашып,  медицина қызметкерлерінің  адам өмірін сақтау мен қолдауда көрсетіп жүрген ерен еңбектерін атап, мереке күнімен  құттықтады.

       Мереке барысында Есиркепов Е. Ж.,  Байдилдаева У.С. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі табыс еткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, Абишова А.А. алғыс хатпен  «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалынан Байкасова А.Т., ««SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Шымкент филиалы» табыс еткен «Сыйлық сертификатымен» Исабекова Т.С., Ғоппоров З., Құрымбай Б.Б.,  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасынан Бердиева Г.А., Умбетбаева Ж.Ш., Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтан Сметова С. Д. алғыс хатпен   марапатталды.                                                                                                             

      Медицина қызметкерлері, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

      Баршаңызға зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс тілейміз!

 Автор: Ахмедова Э., журналист

12.06.2024ж. «Психикалық денсаулық орталығына» қарасты

  «Ашық есік күні»  акциясы өткізілді

    «Психикалық денсаулық орталығына» қарасты емханасында  26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орайластырылған айлықты өткізу шеңберінде ЖИТС орталығының мамандарымен бірлесе отырып,   «Ашық есік күні» акциясы  өткізілді.

      Науқанның мақсаты: қоғамда ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС нашақорлық мәселелерге қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

     Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Орталыққа келушілерге АИТВ  инфекциясын  анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, өз еркімен тексеруден өткісі келген адамдардан жедел тест әдісімен тексерілді. Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратылды.

Мақала авторы:  Гулиев.А.Қ. эпидемиолог

 

 

07.06.2024ж. «Психикалық денсаулық орталығында» 26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді

    «Психикалық денсаулық орталығында» 07.06.2024 жылы «26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орай «Ашық есік күнін» өткізді. Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары осы іс-шараға белсенді қатысты.

      Науқаның мақсаты: қоғамда ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС нашақорлық мәлелерды қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

     Халықтын арасында әлемді жайлаған есірткі дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Есірткі - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.

     Есірткінің - жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.

     Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келушілерге және студентерге  тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антигендер мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, соның арқасында сараптама нәтижесін15- 20 минут ішінде алуға болатыны айтылды.  Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратылды.

Мақала авторы: Байкасова А.Т. эпидемиолог дәрігер ЖИТС орталығы

24.05.24ж.  ЖШС «Sabi - MED» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық»

МКҚК – нің эпидемиологиялық бөлімінің  эпидемиолог дәрігері Ғ.Қ Сыдықов,  Р.К. Даулеткулова және Шымкент қаласы  «Sabi - MED» ЖШС медицина орталығының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ибадуллаева А.К. және аға медбике Бурдыга Т.Н. қатысуымен Шымкент қалалық ДСБ «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу бойынша семинар өткізді.

       Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

 

 

15.05.24ж.  ЖШС «Kameya Pharm Group» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық»

МКҚК – нің эпидемиологиялық бөлімінің  эпидемиолог дәрігері  Р.К. Даулеткулова және Шымкент қаласы  «Kameya Pharm Group» ЖШС медицина орталығының бас дәрігерінің сапа жөніндегі орынбасары Жаукебаева С.К., дәрігер эпидемиолог Кашкимбаева А.К., медициналық статист Тохтиева А.К. қатысуымен Шымкент қалалық ДСБ «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу бойынша семинар өткізді.

       Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

 

04.05.24ж.  ЖШС «Сымбат-Нұр» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі

орталық» МКҚК – нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері Ұ. Байдилдаева, Ф. Абдиева, А. «Сымбат-Нұр» емхананың жауапты маманы Л. Орынбаеваның қатысуымен Шымкент қалалық ДСБ «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу бойынша семинар өткізді.

       Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.