Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
Жаңалықтар
-
Жасыл аймақ
-
Антына адал ақ халатты - абзал жан
-
Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
-
Шымкент қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың» МКҚК эпидемиолог дәрігерлері әдістемелік көмек көрсетті.
жаналықтар каз
2022 жылдың 28-шілде куні ДСБ «ЖИТС-тің алдын – алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның мамандары Ф.Абдиева, Л.Джанабаеваның қатысуымен №3ші арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «АИТВ инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. АИТВ- инфекциясына ерікті түр тексерілем деушілерге жедел тест қойылды.
Сонымен бірге ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева
КВИ-ге шалдыққандардың басым бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап отыр – Бас санитарлық дәрігер
Қазақстанда күн сайын 2,7 мыңнана аса КВИ жұқтыру жағдайы тіркеліп отыр және олардың көп бөлігін екпе алмаған азаматтар құрап отыр, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
«Қазақстанда 20 маусымнан бері КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсімі байқалуда. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,9 есе – 8156-дан 15503 жағдайға дейін артты. Тәулігіне КВИ+ 2700-ге дейінгі жағдайы, ал КВИ- 20 жағдайы тіркелуде», – деді вице-министр.
Әйтсе де соңғы аптада ауырып қалғандардың 70%-ы 3 өңірге – Алматы, Нұрсұлтан қалаларына және Қарағанды облысына тиесілі.
А. Есмағамбетованың айтуынша, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының мысалында, ауырғандардың 80%-ы екпе алмаған немесе екпе алғанына 6 айдан асқан жандар екенін көруге болады. Бұл КВИ-ге вакцинацияның қажет екенін тағы да нақтылап отыр.
Бүгінгі таңда КВИ-ге қарсы вакцинациямен ел халқының 56%-ы немесе вакцина алуға тиісті ересек адамдардың 80%-дан аса бөлігі қамтылған.
«COVID-19 қарсы ревакцинация алдыңғы вакциналар көмегімен қалыптасқан иммунитетті сақтауға және ағзаның аурудан қорғанысын күшейтуғка бағытталғанын айтқым келеді. Өкінішке қарай, КВИ-мен ауырғандар сияқты екпе алғандардың да ағзасының инфекциядан қорғану деңгейі уақыт өте төмендейді, нәтижесінде адам қайтадан инфекция жұқтыруы мүмкін. Сондықтан бастапқы вакцинациясы курсын алғаннан кейін 6 айдан соң КВИ-ге қарсы ревакцинациядан өтуге кеңес береміз» деп түйіндеді А.Есмағамбетова.