жаналықтар каз

30.11.20 Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар  АИТВ-инфекциясымен күресудегі еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды

      Шымкент қаласында 2006 жылдан бері «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қоғамдық қайырымдылық қоры және «Ай-ана» қоғамдық бірлестік үкіметтік емес ұйымдары  АИТВ-инфекциясымен күресуде еңбектеніп келеді.

      Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы негізгі топтар және тұрғындар арасындағы АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша белсенді жұмысы, COVID-19 эпидемиясы жағдайында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсетудегі ерен еңбегі үшін «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қоғамдық қайырымдылық қорын және «Ай-ана» қоғамдық бірлестігін алғыс хатпен марапаттады. 

 

Автор: Ахмедова Э.С., Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы