Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
Жаңалықтар
-
Шымкент қаласында «Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай «Ашық есік күні» акциясы өткізілді
-
«Жыныстық жолмен жұғатын ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу» – тақырыбында «Ашық есік» күні өтті
-
«Репродуктивті денсаулық» атты апталығына орай «Ашық есік күні» акциясы өткізілді
-
Шымкент қаласында медицина қызметкерлер күніне орай салтанатты жиын өтті
жаналықтар каз
30.11.20 Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар АИТВ-инфекциясымен күресудегі еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды
Шымкент қаласында 2006 жылдан бері «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қоғамдық қайырымдылық қоры және «Ай-ана» қоғамдық бірлестік үкіметтік емес ұйымдары АИТВ-инфекциясымен күресуде еңбектеніп келеді.
Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы негізгі топтар және тұрғындар арасындағы АИТВ инфекциясының профилактикасы бойынша белсенді жұмысы, COVID-19 эпидемиясы жағдайында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсетудегі ерен еңбегі үшін «Балаларды ЖИТС-тен қорғау» қоғамдық қайырымдылық қорын және «Ай-ана» қоғамдық бірлестігін алғыс хатпен марапаттады.
Автор: Ахмедова Э.С., Шымкент қаласы ЖИТС орталығының маманы
19.11.2020 Шымкент қаласының «АЙНА» сауда орталығында
радио лекция өтті.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу жэне оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің дәрігер эпидемиолог Сыдықов Ғ, эпидемиологтың көмекшісі Темір А. 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне» орай, «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында радио лекцияны «Айна базарында» оқыды. Іс-шара барысында базар түтынушыларымен қызметкерлеріне ақпараттық танымдық материалдар таратылды.