Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

                    АИТВ-инфекцияны контакттан кейінгі алдын алу шаралары.  

         Контакттан кейінгі алдын алу шаралары - жұмыс барысында мүмкін болған жұқтыру қауіпін төмендету мақсатымен, қабылданатын антиретровирустық дәрі - дәрмектердің қысқа курсы.                                                                                                                                                                     

        АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) - инфекцияны жұмыс барысында жұқтыру қауіпі келесі контактта болу мүмкін:

 -         терінің бүлiнуi (инемен немесе үшкір медициналық инструментпен жарақат алу);

-          биологиялық сұйықтарды бүлiнген тері немесе шырышты қабыққа тигізу;

-          бүлінбеген терімен биологиялық сұйықтар, қан, тіндермен ұзақ уақыт бойы контактта болғанда. 

       Контакттан кейінгі алдын алу шаралары дегеніміз не?

       Алдын алу шаралары АИТВ-ны жұқтыру қауіпін төмендетуге бағытталған. Яғни, антиретровирустық (АРТ) дәрі - дәрмектерді қабылдау. Бұл дәрі - дәрмектер қауіпті қатынастан кейін неғұрлым ерте қабылдаса, соғұрлым АИТВ-инфекциясын жұқтыру қауіпі төмен болады. Дәрілер алғашқы 24-36 сағатта қабылданады, 72 сағаттан кешіктірмеу қажет және емдеу курсы 4 аптаға созылады.  Себебі 72 сағаттан кейін дәрінің әсері болмайды. Бұл дәрі - дәрмектер ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығында тек дәрігердің рұқсатымен беріледі.  

        Контакттан кейінгі алдын алу шаралары кімге ұсынылады?

  1. Медицина қызметкерлері (хирургиялық оталарда, анализ алу, оны талдау және т.б.с.с барысында жарақат алса);
  2. Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау қызметкерлері; полиция, түзету мекемелері, құтқарушы бригада, қан және басқа биологиялық сұйықтықтармен жұмыс барысында төтенше жағдайға тап болғанда;
  3. Дискордантты қатынаста тұратын серіктестерге. (Дискордантты- серіктестердің біреуі АИТВ-инфекциясына шалдыққан, біреуі шалдықпаған);
  4. Зорлық зомбылыққа шалдыққан тұлға. Егер жыныстық қатынас зорлау барысында жүзеге асса, онда зардап шеккен тұлғаға жоғарыда көрсетілген схема бойынша қатынастан кейінгі алдын алу шараларында ұсынылады..

       Жұмыс барысында қауіпті контакт болғанда, келесі іс-әрекеттерді жасау қажет:

  • қан және басқа биологиялық сұйықтармен контакттан кейін дереу бүлінген теріні суастында сабынмен, ал бүлінген шырышты қабықтарды таза сумен жуу қажет;

-  егерде контактта болған пациент АИТВ-инфекциясына шалдыққан болса, онда контакттан кейінгі алдын алу шараларын өткізу керек.

 

                                   Г. Бердиева Шымкент қ. ЖИТС орталығының дәрігері 

 

АИТВ-сыз өмір сүреміз!

        Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ)  - адамнан адамға ғана жұғатын инфекция. Халықтың көпшілігі бұл жұқпадан негізсіз қорқады сондай-ақ осы ауруға және ауруды тасымалдаушыларға қырын қараудың салдарынан не «ұят» санағандықтан тексерілуге, кеңес алуға тартылады. Алайда АИТВ жайлы білу, дертті алдын алуға көмектеседі.  АИТВ-ны жұқтырудың негізгі жолдары – бұл мүшеқапсыз (қорғалмаған) жыныстық қатынас, инъекциялық есірткіні пайдалану кезінде бір реттік шприцті ортақ пайдалану және АИТВ жұқтырған анадан балаға (жүктілік уақытында, босану кезінде және емшек сүті арқылы жұғуы мүмкін) жұғатынын көпшілік біле бермейді. Статистика көрсеткендей, біздің елде соңғы екі жұғу жолы сирек кездеседі. Ал инфекцияның жыныстық жолмен жұғуы 80%-ды құрайды.

       Қазір вирусты анықталмайтын деңгейге дейін басатын антиретровирустық терапия (АРВ) бар. АРВ-ның негізгі мақсаты  – ағзадағы вирустың көбеюін тоқтату, иммундық жүйенің күйін қалпына келтіру, АИТВ - жұқтырған адамның өмір сүру ұзақтығы мен сапасын арттыру.

      Терапияны қабылдау көп жағдайда адамды АИТВ-ның 4-ші сатысынан сақтайды. Қандағы және тіндердегі вирустардың саны күрт азайғандықтан, қорғалмаған жыныстық қатынастың қауіптілігі азаяды, демек балалы болу мүмкіндігі артады. Бұл – емдеу тиімділігінің ең сенімді көрсеткіші және сырқаттанушылықты төмендету жолындағы жетістік.

         АИТВ-ны жұқтырған - жұқтырмағаныңызды анықтау үшін Шымкент қаласы ЖИТС орталығына немесе өзіңіз тіркелген емханаңыздың зертханасында анонимді түрде қан тапсыруыңызға болады. Дертке шалдыққандар Шымкент қаласы ЖИТС орталығында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көмек шеңберінде  «АҚЫСЫЗ» емделеді.

       АИТВ-ға тест тапсырыңыз, АИТВ-мәртебеңізді біліңіз және нәтиже қандай болса да денсаулығыңызды сақтаңыз!

                          Ертаев А.С., Шымкент қ. ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері 

 

 

Шымкент қалалық ЖИТС-орталығына – 35 жыл

1982 жылы медициналық есептер мен БАҚ-да ЖИТС-туралы алғашқы ақпарат жарияланды. Көп ұзамай, 1987 жылы, қатерлі дерт Қазақстанда да тіркелген болатын. Жаңа аурудын алдын алу және онымен күрес жұмыстарын жүргізу мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің 18.07.1989 жылғы №323-П бұйрығымен Шымкент қаласында ЖИТС орталығы ашылып, алғашқы рет АИТВ-ға зертханалық диагностикасы енгізілді. Орталықтың жалпы қызметкерлер саны 23, 3 құрылымдық бөлім, атап айтқанда: профилактикалық және әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі (меңгерушісі дәрігер-эпидемиолог Прыгунов Павел Михайлович), халықты эпидемиологиялық тексеруді ұйымдастыру бөлімі (меңгерушісі дәрігер-эпидемиолог Орманов Болат Жаппарұлы) және зертхана бөлімі (меңгерушісі дәрігер лаборант Ли Людмила Геннадьевна) болды. 1992 жылы Орталық Рысқұлбеков көшесіндегі ғимараттан сол кезде жаңадан ашылған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына көшірілді. Арнайы клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген тексерулер барысында, 1993 жылы Шымкент қаласында алғашқы АИТВ-жұқтырған науқас анықталған болатын. Өндірістік қажеттілікке, зертхананың қуаты өсуіне және штаттың кеңеюіне байланысты, 1998 жылы Орталық қазіргі мекен-жайы – Кремль көшесіндегі ғимаратқа ауысты. Орталық тарихындағы елеулі оқиғалар хроникасы:

      -   2000 жылы – халықтың негізгі топ өкілдері (инемен есірткі тұтынушылар, секс қызметкерлері) арасында профилактика шаралары енгізілді;

      -   2001ж – анадан балаға берілу профилактикасы басталды;

      - 2005ж – ағымды цитометрия әдісімен иммунитет деңгейін анықтайтын аппарат іске қосылды;

     -  2006ж – ретровирусқа қарсы препараттармен ем жүргізіле бастады;

     -  2006ж – жедел-тест әдісімен АИТВ-диагностикасы енгізілді;

     -  2006ж – қатынастан кейінгі алдын алу емі жүрзіле бастады;

     -  2007ж – ретровирусқа қарсы терапия тиімділігін бақылауға ПЦР-диагностика енгізілді;

        2021ж – АИТВ-жұқтыру қаупі жоғары (сау) адамдарға қатынасқа дейінгі алдын алу емі жүргізіле бастады.

        Бүгінгі күнде Шымкент қаласындағы ЖИТС-орталығының қызметкерлер саны 123, дәрігерлер ТМД-ның жетекші елдерінде (Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б.) дайындалып, тәжірибе алмасу мақсатында алыс шетелдерге барды (АҚШ, Румыния, Германия, Италия, Корея, Қытай, Турция). Зертхананың өндірістік қуаты – тәулігіне 2000нан астам тексеру,  Шымкент қаласы бойынша алғашқылардың қатарында «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» ҚР СТ  ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес аккредиттелген, заманауи құралдармен жабдықталған, АИТВ диагностикасында 4 ұрпақты сезімтал тесттер қолданылады. Қазақстан Республикасының азаматтары мен қандастарға АИТВ-инфекциясын диагностикалау, емдеу және алдын алу шаралары тегін жүргізіледі. Диспансерлік есепте – 1821 науқас, олардың 1773-і үздіксіз вирусқа қарсы терапия қабылдауда. Емдеу барысында тек дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған, сапасы сертификатталған, клиникалық сынақтардан өткізілген препараттар қолданылады. АИТВ-жұқтырған жүкті әйелдерді профилактикалық емдеу нәтижесінде 668 сау нәресте дүниеге келді. Заманауи емдеу технологияларын қолдану нәтижесінде АИТВ-жұқтырған адамдардың өмір сүру ұзақтығы басқа адамдармен теңесуде, мысалы диспансерлік бақылаудағы пациенттердің ең үлкені – 90 жасқа аяқ басып, емін жалғастыруда. АИТВ-жұқтыру қаупі жоғары 189 адамға қатынасқа дейінгі алдын алу емі  жүргізілуде. Тиімді  емдеу мен алдын алу, жалпы халық арасында таңбалау мен кемсітуді болдырмау  бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде АИТВ-мен өмір сүретін 17 жас сау құрбыларымен некелесіп, жанұя құрып, сау ұрпаққа қол жеткізуде.   

        Әрине, ЖИТС қызметінің дамуы мен жеткен жетістіктеріне Орталық басшылары зор үлесі қосты, атап айтқанда: Алтынбеков Мадияр (1989-1991жж.), Ниязбеков Сәкен Сәрсенқұлұлы (1991-1999жж.), Байхарашев Рыскулбек Сарпекович (1999-2003 жж.), Беккужинов Сулеймен Қамкенович (2003-2005жж.), Жумагулов Келесбай Боранбаевич (2005-2006жж.), Бабина Наталья Ивановна (2006-2007жж.), Абдразаков Артур Утетлеуович (2007-2009 жж.), Мейрханов Талгарбек (2009-2022жж.). 2023 жылы бас дәрігер лауазымына Сырбек Бекен тағайындалды.

       Жоғары кәсібилігі мен халық денсаулығын қорғаудағы жетістіктері үшін орталық қызметкерлері мемлекеттік, кәсіподақ және салалық наградалармен мараптталған. Орталық қызметкерлері кәсіби қызметін салауатты өмір салтымен ұштастырып, жыл сайынғы медицина қызметкерлерінің спартакиадасында жүлделі орындардан көрінуде.

      35 жылдық тарихын қорытындылай келе, Шымкент қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының таралуы, республикалық көрсеткіштен төмен деңгейде ұсталуда.

Орталықтың 2030 жылға қарай  қойған мақсаттары,:

     - АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 95% өз мәртебесі туралы білуі тиіс;

     -АИТВ-инфекциясы диагноз қойылған барлық адамдардың 95%-ы антиретровирустық терапияны тұрақты алуы тиіс;

    -антиретровирустық терапия алатын адамдардың 95%-да вирустық супрессия байқалуы тиіс.

 

Жабдықты таңдау – зертханалық диагностика сапасының кепілі!

 Шымкент қаласы ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасында барлық қажетті сипаттамаларға жауап беретін жаңа буынды гематологиялық анализаторы іске қосылды.

       Бұл жоғары дәлдік пен репродуктивтілікті біріктіретін, лейкоциттік формуланы қоса алғанда, 70 параметрді пайдалана отырып, қанды зерттейтін Жапонияда өндірілген жоғары технологиялық автоматты гематологиялық 6-diff анализаторы. Талдау процесіне бір мезгілде миллиондаған жасушалар қатысады, бұл зерттеудің объективтілігін қамтамасыз етеді. Ол ДНҚ және РНҚ мазмұнын анықтау арқылы лейкоциттерді дифференциациялау үшін флуоресцентті ағын цитометриясын пайдаланады, бұл сенімді 6 дифференциялық талдауға мүмкіндік береді. Гемоглобинді анықтаудың цианидсіз әдісі зерттеудің соңғы нәтижесінде липемия мен жоғары лейкоцитоздың әсерін жояды.

       Гематологиялық анализаторды қолдану пациенттерге қан жағындыларын дайындау қажеттілігін айтарлықтай азайтады,  бұл зертханадағы бүкіл жұмыс процесін оңтайландыруға, жылдамдатуға және қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. Жаңа гематологиялық анализатор гемопоэтикалық жүйенің күйі және оның әртүрлі сыртқы және ішкі факторларға реакциясы, анемияның дифференциалды диагностикасы, қабыну ауруларының диагностикасы туралы айтарлықтай көбірек клиникалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Алынған барлық ақпарат дәрігерлерге аурумен сәтті күресуге және оның дамуын болдырмауға, сондай-ақ емдеу процесін саралауға және бақылауға көмектеседі.

       Анализатордың анықталған параметрлері:

 ЖИТС орталығының зертханасы ҚР СТ 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар» бойынша аккредитациядан өтті. Зертханада сапаға  жіті мән бере отырып, - зертханаішілік бақылау (күн сайын) және зертханалық зерттеулердің сапасын сырттай бағалау (BIO-RAD (EQAS) «Гематология») үйлесімі, ол сапаға қол жеткізу туралы ВОК сертификаттарымен расталуын көздейді. Бірін – бірі толықтыра отырып, бұл әдістемелер зертханада аналитикалық сапаны басқарудың бірыңғай жүйесін құрайды.

      Қазіргі уақытта зертханалық тәжірибеге соңғы зерттеу әдістерін енгізу клиникалық диагностиканы айтарлықтай жақсартуға және науқастарды тексеруді жақсартуға мүмкіндік береді.

 Мақаланың автор: Меняйкина Э. А. ЖИТС орталығының лаборант дәрігері

26.06.2024ж. «Психикалық денсаулық орталығы» 26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орай  акция өткізды

        2024 жылдың  26 маусымында  Шымкент қаласы, Бейбітшілік даңғылы, «Арбат»  саябағында Шымкент қаласының «Психикалық денсаулық орталығы» «26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орай акция өткізді. Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары осы іс-шараға белсенді қатысты.

      Науқаның мақсаты: қоғамда ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС нашақорлық мәсеелерды қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

     Халықтын арасында әлемді жайлаған есірткі дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Есірткі - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер.

     Есірткінің - жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды.

     Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу және наша тұтыну мәселелері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Келушілерге және студентерге  тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антигендер мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, соның арқасында сараптама нәтижесін15- 20 минут ішінде алуға болатыны айтылды.  Халықтың арасында ақпараттық парақшалар таратылды.

Мақала авторы: Байкасова А.Т. эпидемиолог дәрігер ЖИТС орталығы