Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
Жаңалықтар
-
ТОО «Асем Медикал» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
-
Шымкент қаласы ЖИТС орталығында Медицина қызметкерлерінің күні аталып өтілді.
-
«Психикалық денсаулық орталығына қарасты емханада» «Ашық есік күні» өткізілді
-
«Психикалық денсаулық» медициналық орталығында 26 маусым –Халықаралық есірткімен күрес күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді
жаналықтар каз
19.11.2020 Шымкент қаласының «АЙНА» сауда орталығында
радио лекция өтті.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу жэне оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің дәрігер эпидемиолог Сыдықов Ғ, эпидемиологтың көмекшісі Темір А. 1-желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне» орай, «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» тақырыбында радио лекцияны «Айна базарында» оқыды. Іс-шара барысында базар түтынушыларымен қызметкерлеріне ақпараттық танымдық материалдар таратылды.
18.11.2020ж Шымкент қаласының «Самал» әмбебап базарында радио дәріс өтті.
1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай, «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен Шымкент қаласы ДСБ «ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы күрес орталығының» эпидемиолог дәрігері Н.Жапарованың және эпидемиолог көмекшісі С.Рысқұлбекованың қатысуымен «Самал» әмбебап базарында радио дәріс оқылды және ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.
Мақала авторы: Профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері Н.Жапарова.