Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

16.11.2021 Шымкент қаласы Шымкент жоғарғы медициналық колледжінде «Теңсіздікті жою.ЖИТС ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.»тақырыбында науқан өтті.

      2021 жылдың 16 қарашасында Шымкент қаласы ДСБ-ның «ЖИТС тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» MKҚК-нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай «Теңсіздікті жою.ЖИТС-ті тоқтату.Пандемияны аяқтау.» ұранымен Шымкент жоғарғы медициналық колледжінде науқан өтті.Науқан барысында ЖИТС орталығының қызметкерлері  Халық арасында АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу мақсатында келушілерге ерікті түрде жедел - тест жүргізіп,салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жұмыс барысында тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңес беріліп,ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone

 

 

Мақала авторы: дәрігер эпидемиолог             Мусаев.И

                               Эпидемиолог комекшісі        Елшібай.Ш

15.11.2021ж. 1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орай «Индустриалды-техникалық колледжінде» науқан өтті.
2021 жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласы «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»-ның ұйымдастыруымен Индустриалды-техникалық колледжінің қызметкерлері арасында семинар және науқан өтті. Индустриалды-техникалық колледжінде «Теңсіздікті жою. ЖИТС-ті тоқтату. Пандемияны аяқтау» ұранымен өткізілген науқан барысында халықты салауатты өмір салтын ұстануға, АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
Науқан аясында ЖИТС орталығының қызметкерлері азаматтарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.
Кездесуде барлық санитарлық - эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.
Мақала авторы: Н.Жургенбаева.

#УслышатьКаждого#ӘрбірінТүсіну#toHearEveryone