Бiз туралы
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеттері:
Қызметтер
жаналықтар каз
26.09.2019 Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде мемлекет өз қарауына 15 категориядағы азаматтарды алады
Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі.
Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген күнен бастап мемлекет өз қарауына 15 категориядағы әлсіз топтағы азаматтарды алады. Атап айтқанда:
- Балалар;
- Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
- Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
- Осы тармақтың №5 тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
- Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
- Мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
- Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;
- Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
- Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
- Тергеу изоляторларындағы адамдар;
- Жұмыс істемейтін оралмандар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
- Мүгедектер;
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында
күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер; Жарна Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
Мақаланың авторы ЖИТС орталығының маманы Ахмедова Э.С.