17.05.2024ж. Шымкент қаласы «Hyper House» сауда ойын-сауық орталығында акция өткізілді.
Шымкент қаласы «Hyper House» сауда ойын-сауық орталығында СПИД-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай халық арасында акция өткізілді. Акцияның мақсаты – қоғамды ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. «Hyper House» сауда үйіне келушілерге 4-буын тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антигендер мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, соның арқасында сараптама нәтижесін 20 минут ішінде алуға болатыны көрсетілді.
Халық арасында ақпараттық парақшалар таратылды. Таралымы саны - 70 парақша.
Мақала авторы: эпидемиолог дәрігер Байкасова А.Т.