Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

27.05.2024 ж.    «Шымфарм»  медициналық орталығының қызметкерлеріне  әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын    орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, Шымфарм медициналық орталығының медициналық қызметкерлеріне  оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.

       Іс-шара барысында  АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу, №2 статистикалық форма, код бойынша дұрыс код қою мәселелері және ҚРДСМ-211/2020 бұйрыққа сәйкес 32 клиникалық көрсеткіштерге сүйеніп,  АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарды бастапқы сатысында анықтауға баса назар аударылды.  Сонымен қатар      жүкті әйелдерді уақытпен есепке алу, АИТВ инфекциясына 2 рет тексеру және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру жұмыстарын қарау, егу бөлмесі преаналитикалық кезеңінде жіберілетін  кемшіліктерді алдын  алу, рецепиенттерді АИТВ-инфекциясына мерзіміне сәйкес уақытылы тексеруді қадағалау мақсатында  түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.

Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова