23.05.24ж. ЖШС «Долана - Бұлақ» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
орталық» МКҚК – нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері Ұ. Байдилдаева, Ф. Абдиева, А. Гулиев, «Долана - Бұлақ» медициналық орталығының аға медбикесі З. Джошхунованың қатысуымен Шымкент қалалық ДСБ «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.