жаналықтар каз

2018 жылы 19 ақпанда Шымкент қаласы Абай аудандық ішкі істер бөлімінде ОҚО СПИД –тің алдын алу орталығының мамандары Д. Құтмамбетова , Б. Тойшыбеков полиция қызметкерлеріне семинар өткізді.

2018 жылдың 20 ақпанында Х. Әлімжан атындағы жалпы орта мектепте жоғары сынып оқушылар арасында ОҚО СПИД орталығының маманы Д. Құтмамбетова АИТВ/ЖИТС инфекциясының алдын алу және онымен күресу тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға, мықты ерік жігерін қалыптастыруға, түрлі жағымсыз әдеттерден аулақ болуға шақырды. Кітапшалар таратылып, бейне-ролик көрсетілді. Қатысушылар саны 122.

Іс-шараны ұйымдастырушы – Облыстық СПИД-тің алдын-алу және онымен күресу орталығы,Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасының бөлім ұжымы.

2018 жылғы 15 ақпан күні жастар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-ті алдын алу мақсатында Шымкент қаласында A.C.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жасөспірім және зиянды әдеттер» тақырыбында кездесу өтті.

Түркістан қаласы «Ныш-ер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске әсері» тақырыбында семинар өткізілді.

Түркістан қаласы кәсіпкерлер палатасында «АИТВ/ЖИТС тің бизнеске әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Әлемдік экономикалық форум жыл сайын елдердің  жаһандық бәсекелстік индексіне (ЖБИ) «АИТВ –инфекциясының таралуы» және «АИТВ инфекциясының бизнеске іскерлік ықпалы» көрсеткіштері бойынша бағалау жүргізеді.