жаналықтар каз

     Шымкент қаласы ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-да ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 11 тамыздағы ҚР ДСМ-96/2020 «Денсаулық сақтау обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес семинар өткізілді. 

      Аталмыш бұйрыққа сәйкес, медициналық қалдықтарды кәдеге жарату (утилизация) бойынша қадағалауды күшейту қажеттілігі  туралы және ҚР ДСМ-нің 02.12.2022 жылғы медициалық көмек көрсетуіне байланысты инфекциялардың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарап, санитарлық профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, аурухана ішінде инфекцияларды болдырмау мақсатында мекемені дизинфекциялау, қол жуу ережесін қатаң сақтау қажеттілігі түсіндірілді. 

 

Автор: Шымкент қ.ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Байдилдаева У.С.                   

                     

12.07.2023     АИТВ–ның анадан балаға жұғуы

       АИТВ (адамның иммун тапшылық вирусы) –  иммундық жүйені зақымдап, ағзаны әр түрлі инфекциядан қорғау мүмкіншілігін жояды.

       Өзіңді және өз балаңды АИТВ – дан қалай қорғауға болады?  Әрине, ол үшін АИТВ –ның берілу жолдарын білген дұрыс. АИТВ-ның берілу жолдары:

  1. Кездейсоқ адаммен жыныстық қарым - қатынасқа түскен жағдайда;
  2. АИТВ – жұқпаланған анадан балаға жүктілік кезінде, босанғанда немесе емізгенде;
  3. Вирустың бірден қанға түсуі (бір реттік шприцті қолданбаған жағдайда).

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес барлық жүкті әйелдерге АИТВ – тестісі екі рет жүргізіледі. Бірінші ретті тестілеу жүктілік бойынша  біріншілік есепке алынған кезде, ал екінші ретті тестілеу жүктіліктің 28-30 аптасында жүргізіледі. АИТВ-ға  жасалатын қайталмалы анализ өте маңызды. Бірінші рет жүргізілген зерттеуден кейін ауру анықталмауы мүмкін. Себебі антиденелердің анықталу мезгілі жұғу уақытынан  3 айға дейін жүреді. Бүгінде жүкті әйелдердің жұбайларын да АИТВ-ға тексеруден өткіздіреді.

        АИТВ – инфекциясының анадан  балаға берілуін алдын алудың (әрі қарай АББА)  негізгі әдістері бар. Атап айтқанда  жүктілік кезінде, босанғанда және бала туылғаннан кейін  антивирусты препараттар қолдану, жоспарланған кесар тілігін жүргізу, жүктілік кезінде  және босанған аналарға ұсыныс беру яғни баланы еміздірмей жасанды тамақтандыру, балаға  антиретровирусты (әрі қарай АРВ) препараттарын 6 ай үзбей беру, анасы  жүйелі түрде арнайы кесте бойынша АРВ препараттарын ішу. Ана мен  баланы қорғау қызметтерінің амбулаторлы – емханалық мекемелерінде жүкті әйелдерге тест алдында  АИТВ–инфекциясы туралы түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Тесттен кейінгі түсіндіру жұмысы тесттің нәтижелерін түсіндіруімен жүргізіледі. Егер тесттің нәтижесі теріс болса, онда әйелдерге АИТВ –инфекциясын алдын алу шаралары туралы еске салынады және АИТВ-ға тестілеуді қайталап өткізу үшін күнін анықтайды. Босану мен баланы емізу АИТВ – инфекциясы берілудің қауіпті жолдарының бірі болғандықтан, міндетті түрде қолданылатын шаралар – бұл кесар тілігі және баланы емізуден бас тарту. Шымкент қаласы ЖИТС орталығында 590 туу жасындағы әйелдер тізімде тұрады. Олар жоғарыда көрсетілген дәрігерлердің нұсқауларын ұстану арқылы дүниеге дені сау бала әкелген. АББА –ның барлық этаптарын қатаң қадағалап, ана мен баланы қорғау қызметі мен ЖИТС орталығының бірлесуімен жоюға болады.

                                                                                Шымкент қаласы  ЖИТС орталығының

                                                                                Б.Д.Майсарова  гинеколог маманы

                                     

 

11.07.2023 ж .     АИТВ  ЖӘНЕ ТУБЕРКУЛЕЗ

     Туберкулез диагнозы анықталып, қойылғаннан кейін «Мен қалай ауырдым? Неге мен? Мүмкін олар диагнозбен қателескен шығар ... Әрі қарай не болады? Осымен бәрі бітті ме? Мен өлемін бе?..» деген сияқты сұрақтар туындайды. Сонымен бірге сенімсіздік пайда болады және мұндай жағдайға тап болғанда, адамдар кез-келген жерден ақпарат жинай бастайды. Әрбір үшінші сөзі ғана түсінікті ғылыми мақалаларды оқып, бір кездері ауырған таныстары бар адамдардан кеңес ала бастайды. Алайда, дұрыс жеткізілмеген және күмәнді ақпарат әлдеқайда көп зиян тигізетінін есте сақтаңыз!

      Иә, сіздің өміріңізде бірқатар  сынақтар болады. Туберкулез тұмау секілді иммунитет күшімен уақыт өте өздігінен жазылмайды. Керісінші емін кештеткен сайын микобактериялар көбейіп, денеге жайыла түседі. Орныққан жеріндегі тіндерді кеулеп жеп, орны қайта толмастай опырып тастайды. Туберкулез микобактерияларын тек қана арнайы дәрі дәрмектер ғана өлтіре алады. Емі неғұрлым ерте басталған сайын ол із-түссіз, орны да қалмай жойылып кетеді. Туберкулез ауа тамшысы арқылы жұғатынын есіңізде ұстаңыз, жақындарыңызды жұғудан сақтаңыз!

       АИТВ анықталған науқастар, өкпе туберкулезін дер кезінде анықтау мақсатында жыл сайын флюорографиялық тексерістен өтуі тиіс. АИТВ жұқпасына шалдыққан жандар  туберкулез белгілері жайлы толық хабардар болулары керек және сол белгілер пайда болған жағдайда, денсаулықты тексерту мақсатында, емханаға тез арада қаралулары қажет. Туберкулездің ең алғашқы басты белгілері: жөтелдің  2 аптадан астам уақытқа созылуы,  қатты шаршау,  әлсіздік ,  тәбеттің  төмендеуі, дене салмағының азаюы, кеуде қуысының ауыруы, түнгі  уақыттағы терлеу, дене қызуының  көтерілуі. Өкінішке орай, науқастардың көпшілігі алғашқы байқалған белгілерге аса көңіл бөлмей, ауруды  асқындырып алады. Жоғарыда аталған белгілерді байқап жатсаңыз, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн.

      Туберкулезді  және АИТВ-ны емдеу елімізде ТЕГІН!