Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

20.05.24ж.  ЖШС «Медикер 4К» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық»

МКҚК – нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері Ұ.Байдилдаева,

Ф. Абдиева, А. Гулиев, «Медикер 4К» медициналық орталығында Шымкент қалалық ДСБ «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу бойынша семинар өткізді.

       Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді

22.05.24ж.  ЖШС «Медикер ЮК» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

     Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі

орталық» МКҚК – нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері

Ұ. Байдилдаева, Ф. Абдиева, А. Гулиев, «Медикер ЮК» медициналық орталығында Шымкент қалалық ДСБ «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

23.05.24ж.  ЖШС «Долана - Бұлақ» медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.

      Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі

орталық» МКҚК – нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігерлері Ұ. Байдилдаева, Ф. Абдиева, А. Гулиев, «Долана - Бұлақ» медициналық орталығының аға медбикесі З. Джошхунованың қатысуымен Шымкент қалалық ДСБ «Шымкент қаласында адамның иммунитет тапшылығының вирусы инфекциясы мен жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромының алдын-алу және емдеу бойынша семинар өткізді. Іс-шара барысында АИТВ, ЖИТС –инфекциясының мәселелері бойынша медицина қызметкерлерінің білім деңгейін көтеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.

 

6.05.2024 г. в торгово - развлекательном центре "Rahima Plaza" г. Шымкент была организована и проведена акция среди населения, приуроченная ко Дню памяти умерших от СПИДа.
Специалистами Шымкентского городского Центра СПИД проведена разъяснительная работа по профилактике ВИЧ – инфекции, стигме и дискриминации людей, живущих с ВИЧ, в связи с болезнью, предупреждению отлучения от общества и меры профилактики. Также была проведено тестирование среди лиц, желающих узнать свой ВИЧ-статус.
Авторы статьи: врачи-эпидемиологи
Ф. Абдиева, У. Байдилдаева.

27.05.2024 ж.    «Шымфарм»  медициналық орталығының қызметкерлеріне  әдістемелік көмек көрсетілді.

       Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын    орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, Шымфарм медициналық орталығының медициналық қызметкерлеріне  оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.

       Іс-шара барысында  АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу, №2 статистикалық форма, код бойынша дұрыс код қою мәселелері және ҚРДСМ-211/2020 бұйрыққа сәйкес 32 клиникалық көрсеткіштерге сүйеніп,  АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарды бастапқы сатысында анықтауға баса назар аударылды.  Сонымен қатар      жүкті әйелдерді уақытпен есепке алу, АИТВ инфекциясына 2 рет тексеру және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына тексеру жұмыстарын қарау, егу бөлмесі преаналитикалық кезеңінде жіберілетін  кемшіліктерді алдын  алу, рецепиенттерді АИТВ-инфекциясына мерзіміне сәйкес уақытылы тексеруді қадағалау мақсатында  түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.

Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

17.05.2024ж. Шымкент қаласы «Hyper House» сауда ойын-сауық орталығында акция өткізілді.

     Шымкент қаласы «Hyper House» сауда ойын-сауық орталығында СПИД-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай халық  арасында акция өткізілді. Акцияның мақсаты – қоғамды ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

     Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. «Hyper House» сауда үйіне  келушілерге  4-буын тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антигендер мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, соның арқасында сараптама нәтижесін 20 минут ішінде алуға болатыны көрсетілді.

       Халық арасында ақпараттық парақшалар таратылды. Таралымы  саны - 70 парақша.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігер Байкасова А.Т.

17.05.2024 «ДауМед» медициналық орталығында акция өткізілді.

    «ДауМед» медициналық орталығының мәжіліс залында Жастар денсаулығы орталығы және Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай  индустриалдық- техникалық колледж студенттерінің  арасында  акция өткізлді.

      Акцияның мақсаты – қоғамды ақпараттандыруды арттыру, АИТВ/ЖИТС проблемаларына қоғамның назарын аудару, алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.

      Шымкент қаласы ЖИТС орталығының  мамандары АИТВ инфекциясын алдын – алу,  АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студентерге  4-буын тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антигендер мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеуден өту мүмкіндігі туралы ақпарат берілді, соның арқасында сараптама нәтижесін 20 минут ішінде алуға болатыны көрсетілді. Студентердің арасында ақпараттық парақшалар таратылды. Таралымы  саны - 70 парақша.

Мақала авторы: эпидемиолог дәрігер Байкасова А.Т.