Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

жаналықтар каз

12.04.2024 ж. Шымкент қаласындағы Отырар колледжі студенттеріне дәріс өтті.
Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, Отырар колледжі студенттеріне кездесу өтті.
Маман жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу амалдарын түсіндіріп, сол арқылы жастардың өз еркімен тексерілуге талпынысын жоғарлатуға бас назар аударды.
Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

16.04.2024 ж. Шымкент қаласындағы №91 жалпы орта білім беретін мектебінде дәріс өтті.
Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің ұйымдастыруымен, «АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында, №91 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.
Маман жастарға АИТВ-инфекция және ЖИТС жайлы негізгі ақпарат беріп, оның жұғу жолдарын, алдын-алу амалдарын түсіндіріп, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.
Сөз соңында сала маманы жастарды жаман әдеттерден аулақ болып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақаланың авторы: ЖИТС орталығының маманы Н.Жургенбаева

Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

– Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым. Сонымен қатар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Әрине, қазір бұл шарадан түпкілікті бас тарту мүмкін емес. Бірақ оған жұмсалатын қаржы көлемі айтарлықтай азаяды. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады, – деді Президент.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев барлық мемлекеттік органға су тасқыны салдарынан сабақ алуы керек екенін айтты.

– Бізде мұндай апаттарды алдын ала ескерту жүйесі жетіспейді. Қажетті мамандар да тапшы. Қазір гидротехник кадрларды даярлау туралы шұғыл шешім қабылданды, – деді Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi

«Ренессанс-Шымкент» және «Ренессанс Premium» реабилитациялық орталығында семинар және АИТВ-инфекциясына экспресс тестілеу өтті.
Кездесу барысында «ЖИТС-тың алдын-алу және онымен күрес орталығының» мамандары реабилитациялық орталықтардың науқастарына АИТВ-жұқпасы және вирусты гепатиттер жайлы негізгі ақпарат беріп, олардың жұғу және алдын-алу жолдарын, онымен байланысты стереотиптер жайлы, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластату жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинардан соң реабилитациялық орталықтың науқастары ерікті түрде, анонимді және конфинденциалды негізде АИТВ-ға экпресс тестілеу жүргізілді.
ЖИТС орталығының мамандары: А.Медетова, А.Гулиев, Г.Елемесова, С.Молдахан

 Қазығұрт медициналық орталығының қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
🏤Шымкент қалалық ДСБ 29.01.2024 ж. №39- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, Қазығұрт медициналық орталығының медициналық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
🕤Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары, талаптары және АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
№2 статистикалық форма, код бойынша, дұрыс код қою мәселелері және ҚРДСМ-211/2020 бұйрықа сәйкес 32 клиникалық көрсіткіштерге сүйеніп, АИТВ-инфекциямен ауыратын науқастарды бастапқы сатысында анықтау түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Жүкті әйелдердің уақытпен есепке алу АИТВ инфекциясына 2 рет тексеру және олардын жыныстық серіктестерінің АИТВ-инфекциясына тексеру жұмыстарын қарау.
⏳Егу бөлмесі преаналитикалық кезеңінде жіберілетін кемшіліктерді алдын алу және рецепиенттерді АИТВ-инфекциясына мерзіміне сәйкес уақытылы тексеруді қадағалау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
👩‍⚕️Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова

Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне науқан өтті.
🏥 2024 жылдың 03 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен науқан өткізілді. Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады.
📑 АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
👩‍🏫 ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-жұқпасына өз еркімен жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстарын ұйымдастырып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берді. 

Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне науқан өтті.
2024 жылдың 03 сәуір күні Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Шымкент жоғары медицина колледжі студенттеріне ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық және Психикалық денсаулық орталығы мамандарының қатысуымен науқан өткізілді. Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден алшақ болуға, салауатты өмір салтын ұстауға насихаттады. АИТВ-ның жұғу, таралу жолдары мен сақтану шаралары жайлы кеңінен мағұлмат беріп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу» және қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-жұқпасына өз еркімен жедел-тест әдісімен тексерілу жұмыстарын ұйымдастырып, тестіге дейін және тестіден кейінгі кеңестер берді.