Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 18.07.1989 ж. №323-П бұйрығы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-тің алдын алу және онымен  күресу орталығы құрылды және келесі құрылымға ие болды: СПИД-тің алдын алу және онымен күресу орталығы, эпидемияға қарсы алдын-алу іс-шаралармен айналысатын мемлекеттік мекеме болып табылады, аймақтағы АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау және АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету болып табылады.

Орталықтың негізгі міндеттері:

 

Толығырақ . . .

Жаңалықтар

АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалаудың ерекшеліктері

 

Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясына эпидемиологиялық қадағалаудың ерекше түрі - шолушы эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі. Шолушы эпидемиологиялық қадағалау жүргізудің негізгі себептері АИТВ-инфекциясының өзіне тән ерекешліктеріне байланысты,  атап айтқанда: өте ұзақ жасырын (инкубациялық) кезеңі – адам қанында антиденелердің тек 3 айдан кейін ғана анықталуы; клиникалық ағымының бірнеше жылдарға созылуы, ал бірінші және екінші кезеңдерде айтарлықтай ауру белгілерінің болмауы. Басқа жұқпалы аурулармен ауырған науқастарда клиникалық белгілерінің (дене қызуының көтерілуі, іш өтуі, бас айналуы, құсуы, теріде белгілердің пайда болуы, қоздырғыш денеге енген жерде немесе басқа органда патологиялық белгілердің пайда болуы және т.с.с.) анықталуына байланысты олар медициналық көмекке қаралып, дер кезінде анықталады. Ал АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарда мұндай белгілер тек бірнеше жылдардан кейін ғана анықталады, сондықтан олар тек АИТВ-ға тестілеу жүргізген кезде өзінің АИТВ-жұқтырғанын біледі.

АИТВ-инфекциясына шолушы эпидемиологиялық қадағалау жүргізудің мақсатты топтары:

  • инъекциялық есірткі тұтынушылар (бұдан әрі – ИЕТ);
  • коммерциялық жыныстық қатынас кызметкерлері (бұдан әрі – КЖҚҚ);
  • еркектермен жыныстық қатынас жасайтын еркектер (бұдан әрі – ЕЖЕ);

АИТВ-инфекциясына шолушы эпидемиологиялық қадағалау жүргізілетін аймақтар:

  • ИЕТ жиналатын жерлер, сенім бекеттері, медициналық ұйымдар;
  • КЖҚҚ шоғырланатын жерлер, достық кабинеттері;

Мақсатты топ өкілдері арасында іріктеу жүргізіледі, осы іріктелген топ арасында ауызша ақпараттық келісім алынып, жасырын тестілеу (саусақтан қан алу әдісімен) және сауалнама жүргізіледі.

Саусақтан алынған қан үлгілеріне зертханада АИТВ инфекциясын, С гепатитін және мерезді серологиялық тексеру жүргізіледі. Сауалнама деректері арнайы әзірленген бағдарламасымен талданады.

 

 

 

 

 

Шымкент қаласы ДСБ ның «ЖИТС тің

алдын алу және оған қарсы күрес

жөніндегі орталық» МКҚК нының

Эпидемиологиялық

бөлімінің меңгерушісі                                                                Ербол Есіркепов

06.09.2021ж Өз тағдырыңыз өз қолыңызда

    

         Адамның иммун тапшылығы вирусы адамнан адамға қорғаныссыз жыныстық қатынаста, қан арқылы , яғни иньекция жасағанда немесе есірткі қолданғанда, анадан балаға (жүктілік, босану, емізу кезінде) беріледі. Ал, күнделікті жағдайларда - қол алысып амандасу, достық құшақтасу, сүйісу,  өндірістік және тұрмыста қолданылатын заттарды пайдаланғанда  (компьютер, ыдыс-аяқ, киім – кешек, басқа құрал- аспаптар), жәндіктердің шағуы, жануарлардың тістеуі арқылы, хауызға түскенде, қоғамдық көлікте жұқпайды.

         Вирус жұқтырған адамдарда инфекцияның ешқандай белгісі білінбейді. Медицинада «симптомсыз вирус тасымалдаушылық» деп аталады, себебі тек қана қан талдауын тапсырғанда анықталады. Мұндай жағдай 6-10 жылға созылып, тек адам ағзасындағы иммун жүйесі зақымданғаннан кейін иммунтапшылық белгілері білінеді.

          Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы- СПИД- адамның иммун тапшылығы вирусымен қатты зақымдануынан болған патологиялық белгілер байқалатын соңғы саты.

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, бүгінгі күнде вируспен өмір сүретін адамдардың саны – 35 миллионды құрайды.

           Статистикалық деректерге сай, 2021 жылдың 1- шілдесіне Шымкент қаласы бойынша  өсімімен 2328 АИТВ жұқпасы тіркелген. 2021 жылдың  7 айында 106 АИТВ жұқпасы тіркелген,  ал 2020 жылдың 7 айында 79 құраған, яғни 2020 жылмен салыстырғанда АИТВ-мен Шымкент қаласы бойынша сырқаттанушылық 25 жағдайға өскен.  «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп карау қағидаларын бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы №ҚР ДСМ - 211/2020 бұйрығы негізінде жүкті әйелді есепке қою кезінде жүкті әйелдің жыныстық серіктестерін АИТВ инфекциясына тексеру алып барылуда.  Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаулар нәтижесінде соңғы жылдары инфекцияның жыныстық жолмен берілу үлесі  81,2 пайызды құраса, оның ішінде  әйелдер арасында тіркелуі – 38,6 пайызды құраған. Олардың 69,3 пайызы – жұмыссыздар. Ал  78,2 пайызынан астамы -15-49 жас аралығындағылар.

          АИТВ инфекциясына шалдыққандар заң бойынша тек қан тапсыруда донор бола алмайды, ал қалған жағдайда барлығымызбен құқықтары бірдей. Есте сақтаңыз: өз тағдырыңыз өз қолыңызда. 

 

                                                     

                                                                                     Мусаев Ы.Р.

                                                                                     Қалалық ЖИТС орталығы

                                                                                     дәрігер эпидемиолог

  06.09.2021ж.

08.09.2021 ж. «АИТВ/ЖИТС–тің алдын алуы» тақырыбында

студенттермен кездесу өтті.

2021 жылдың 08 қыркүйек күні Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жеңіл өнеркісіп және сервис колледжі студенттерінің қатысуымен, жастар арасында АИТВ/ЖИТС–тің алдын алуы мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.

Тыңдаушылар іс-шара барысында АИТВ/ЖИТС алдын алуы туралы шынайы ақпарат ала отырып, физиологиялық және әлеуметтік тұрғыдан бей-берекет жыныстық қатынасқа түсетін жастарды күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланып, тұжырым жасалды.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.

02.09.2021 ж. «НАШАҚОРЛЫҚПЕН БІРГЕ КҮРЕСЕЙІК» атты науқан М.Қажымұқан атындағы орталық стадионында ұйымдастырылды.

2021 жылдың 02 қыркүйек айында М.Қажымұқан атындағы орталық стадионында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының  «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» және «Шымкент қаласы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар және Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы «Кикбоксинг бірлескен федерациясының» ұйымдастыруымен «Нашақорлықпен бірге күресейік!» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс - шараның мақсаты жастарды нашақорлықтан аулақ болып, уақытты тиімді пайдаланып, өз елінің қырағы болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар түрлі кереғар діни ағымдардан адаспай, жастар арасында АИТВ-инфекциясын алдын-алуға және өз денсаулығына ортақ  жауапкершілікпен қарауға шақыру болып табылады.

Мақала авторы: мұғалім Н.Жургенбаева.